Құтқарушы Христос шіркеуі, ХІХ ғасыр

Мекен жайы: Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, И.Тоқтыбаев көшесі, 5

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 25.07.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Тарихы: Ақмешіт бекінісі патшалы Ресей әскерінің келуімен Перовск бекінісі болып өзгертілді. Қоқандықтарды ығыстырған соң, Перовск бекінісінде христиан дінін уағыздаушылар көбейіп, елеулі рөл атқарады. Бекініске шіркеу қажеттігі туындап, 1855 жылы жылжымалы шіркеу ашылады. Оның негізін салушы поп Л.Гороховский болды. 1890 жылы шіркеудін жаңа ғимараты салына бастайды. Бұл құрылыс 1896 жылы пайдалануға беріледі. Шіркеу кең тараған жобаның баламасы. Осыған ұқсас шіркеулер Астраханда және Ташкентте кездеседі. Шіркеу 250-300 адамдық. Ғимарат 1895-1939 жылдары орыс шіркеу, 1939-1957 саяси қуғын-сүргінге ұшырағандардың отбасылары өмір сүрген, 1957-1980 жылдар аралығында облыстық музей, 1980-1991 жылдары бос тұрған. Бүгінгі таңда шіркеу христиандардың басқосып, мінәжат етер негізгі орны.

Сипаттамасы: Негізгі көлемі крестті - куполды, кресттің соңдары тең («гректік»), кресттің кіруші бұрыштарында қосымша бөлмелер бар. Бұл крест тәрізді кеңістік биік (екі шырақты), орта кресті екі бөліктік сегіз қырлы барабанда тұрған жарты циркульді аркалы сегіз тар терезе ойықтарымен кесілген. Крест жеңдері қасбеттерге сәйкес пішінді жасайтын жарты циркульді көрініске ие күмбезшелермен жабылған. Осы бөлшектердің үстінгі жағында жартылай дөңгелек доғалармен жабылған жоғары пропорциялы үш бөліктік терезелер жасалған. Төменгі деңгейдегі қапталдық қасбеттерге қосымша кіреберіс ойықтары жасалған.

Мінәжат ету залының есігі батыс жақтан жасалған. Бұл екі шырақтық, сегіз қырлы күмбез асты барабанындағы күмбезбен тәжделген. Күмбез негізгі күмбезге ұқсас, бірақ көлемі кішірек. Бірінші деңгейде кіреберіс бөлігі, екіншіде күмбез асты барабанында орналасқан үш тереземен жарықталатын-хорлар жасалған. Қасбет қабырғалары жасалуының негізгі сарыны болып қасбет қабырғаларының рустовкасы, сонымен қатар профильденген сырт-ернеулермен жиектік бөлшектеу болып келеді. Ішкі кеңістік жиектік жолақпен екі деңгейге бөлінеді. Шіркеу ғимараты екі бөліктен тұрады: мінәжат етуге арналған зал және кіреберістен тұрады. Көлемі 17х28 м, биіктігі 18 м. Ғимарат «Қазақстанның киелі жерлері географиясы» жобасы аясында «Жалпыұлттық қасиетті нысандар» тізіміне енгізілген.  Қызылорда облысы бойынша тарих және мәдениет ескерткіштерінің 3D форматтағы интерактивті (www.virtualmap.xyz/be/10-pamyatniki-kaz/174) картасында шіркеу туралы ақпарат енгізілген. QR-код тақтайшасы орнатылған.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Көтібар мұнарасы, ХІХ ғасыр
2 / 5
Қорасан ата кесенесі, ХІХ ғасырдың аяғы
3 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, депутаттар кеңесінің ғимараты, қазіргі – Ғ. Мұратбаевтың мемориалдық музей ғимараты,ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы
4 / 5
Ақтас мешіті, 1884 жыл
5 / 5
Қазалы қаласының ескі бөлігі, қала құрылыс кешені. ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы Ноғай (Нұралы) мешіті

Ақпарат

    Записей не найдено.